07.08.2025
05:15
523

Өскеменде жолаушылар автобусы жанып кетті

Оқиға Өскемен қаласындағы  Ғайса Аязбаев көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Өрт шыққан орынға төтеншеліктер келген кезде автобус ішінде адамдар болмаған. Олар өздері сыртқа шығып үлгерген.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында 12 шаршы метр алаңды шарпыған өрт алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.