29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен полицейлері жоғалған 8 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 тамызда сағат 19:23-те “102” жедел арнасына облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны хабарласып, ол өзінің 8 жасар ұлы таңертең үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын айтқан. Күні бойы өз бетімен іздеу нәтиже бермегендіктен, баланың анасы полициядан көмек сұраған.
Жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстарына Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған бала Кенді емес материалдар комбинатының көлдер ауданынан табылды. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған жігіт досының велосипедын алып, кешкі уақытқа дейін теуіп жүрген.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының нәтижесінде кәмелетке толмаған бала табылып, туыстарына қайтарылды, – деп атап өтті Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының м.а. Орал Рыспаев.
Баласымен қауышқан қуанышты әйел қысқа мерзім ішінде ұлын тауып берген тәртіп сақшыларына шын жүректен алғыс айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек