Өскеменде жеке үйдің шатыры өртенді

10 Қараша, 11:06 384

ТЖМ құтқарушылары Өскеменде өртті жойып, газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы А. Попов көшесіндегі қараусыз қалған жеке үйдің шатыры өртенді. Келген жедел-өрт сөндіру қызметі 40 шаршы метр алаңдағы қызыл жалынды ауыздықтады

Барлау барысында өрт сөндірушілер жану аймағынан екі газ баллонын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді және бұзушылықтарды алдын ала жоюды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: