Өскеменде жеке үйдегі гараж бен көлік өртенді

13 Наурыз, 20:18 718

Өскеменде жеке меншік тұрғын үй алдындағы гараж бен көлік және шаруашылық құрылыстар отқа оранды. Бұл туралы төтеншеліктерге сағат 17.44-те хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт салдарынан тұрғын үйге қауіп төнген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер бұл қауіптің алдын алды. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт толықтай сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: