03.05.2024
20:06
966
Өскеменде жеке тұрғын үй өртенді

Өскеменде жеке тұрғын үй өртенді

Өскеменде жеке тұрғын үйдің шатыры мен ағаш ғимараттың бір бөлігі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның жалпы ауданы 55 шаршы метр аумаққа таралуына жол берілмеді.

Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан шыққан.