Өскеменде жаңа трамвай жолаушыларды тегін тасымалдады, деп хабарлайды El.kz Altaynews-қа сілтеме жасап.
Жаңа трамвайларға мінген қала тұрғындары қоғамдық көліктің жылы, жарық және өте ыңғайлы деп бағалады.
Қоғамдық көліктер QR кодтарын алып үлгермегендіктен 11 қаңтар күні жаңа трамвайға отырған жолаушылардан жол жүру ақысын алмаған.
Бізге QR-кодтар енді берілді, - дейді «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка.
Алдағы уақытта жолаушылар жаңа трамвайларда жол ақысын әдеттегідей кез келген тәсілмен төлей алады.