29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен қаласында құтқарушылар өртенген шаурма сататын дүңгіршектен 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі М. Горький көшесінің бойында орналасқан шаурма сататын дүңгіршекте өрт шыққан.
Күнбағыс майы жанып, от жеке заттарға, тұрмыстық техникаға және дүңгіршектің ішкі қаптамасына тарады.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Олар дүңгіршек ішінен 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа алып шықты. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Зардап шеккен ешкім жоқ, - делінген ақпаратта.
Өрттің тұтануына тағам дайындау ережелерін сақтамау себеп болғаны анықталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек