Өскеменде саяжайдан әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды

20 Тамыз, 15:09 395

Өскемен қаласының сыртынан 45-50 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның денесінде жарақат іздері болған.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тұтқындалды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде бұрын сотталған, басқа қаладан келген, 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол 13 тамызда қала сыртында әйелді өлтірді деген күдікке ілінді, - делінген полиция хабарламасында.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: