Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды

6 Қараша, 09:07 301

Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.

№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: