Өскеменде өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды

Өскеменде өрт кезінде 12 тұрғын эвакуацияланды

Бүгін Қазыбек Би даңғылында алты қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар 12 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала. От 10 ш.м. аумақта жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жағдайды өртке жеткізбеңіз. Өртті тудыруы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз.