Өскеменде мейрамхана ас бөлмесінде өрт шықты

4 Қараша, 01:19 468

Өскемен қаласындағы мейрамханалардың біріндегі өрт шықты. ШҚО ТЖД мәліметінше, тамақтану орының ас бөлмесінде май қалдықтары жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентттігі.

Өрт 0,2 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда оқиға кезінде мейрамханада қонақтар болмаған. Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте ТЖД ескертеді. Егер май жанса:

Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек.
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз. Бұл - қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: