Өскеменде мас ер адам дүкенді тонап кетті

Бүгiн, 11:01 168

Өскеменде бетперде таққан мас ер адам дүкенді тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Оқиға түнгі уақытта болды. Күдікті медицина маскасымен бетін жасырып ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген.

Ол жерден ер адам тиын салынған контейнерлер мен әртүрлі ақша купюраларын ұрлап кеткен. Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген. Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: