Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен шыққан түтін салдарынан 80 адам қауіпсіз жерге шығарылды

7 Шілде 2023, 12:22 1114

Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыстан болған түтін 6 шілдеде түнгі 23 сағат 08 минутта басталған. Өскемен қаласының Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен ескі заттар жанғаны белгілі болды. 

Үйді ащы қою түтін басты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындарды дереу эвакуациялады. Баспалдақ марштары бойымен 80 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты, - деп жазылған ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта. 

Өрт сөндірушілер темір кесетін құралдың көмегімен жертөленің есігін ашып, 3 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, түтінді сыртқа арнайы құрылғымен сорып шығарды.Мұндай қатты түтіннің себебі сөндірілмеген темекі немесе сіріңке түріндегі ашық, төмен калориялы тұтануға айналған. 

Аталған оқиғада қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: