Шығыс Қазақстан облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласында пәтерден өрт шығып, тілсіз жау 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялап үлгерді. Өрт сөндірушілер пәтер иесінің мысығын да түтін басқан пәтерден сыртқа алып шығарды.
Аталған оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді қаперге салады.