Өскеменде фитозертхана анықталды

28 Қазан, 17:25 346

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өз үйінің саяжайында тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған, арнайы шамдармен, желдеткіштермен және термометрлермен жабдықталған зертхана құрған. Полицейлер оқиға орнынан қарасора бұтасын және өсімдік тектес заттарды тәркілеген.

Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсаттысыз заңсыз өсіріп, заңсыз өңдеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: