28.06.2024
02:29
863
Өскеменде ер адам гараждың шұңқырына құлап кетті

Өскеменде ер адам гараждың шұңқырына құлап кетті

Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.