Өскеменде анасы үш ұлымен бірге сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі депатартаментінің мәліметінше, олар бірігіп, қылмыстық схема құрған. Сотта төрт адам жауапқа тартылып, олардың бәрі шартты түрде сотталды,
Олар үй жағдайында танымал брендтердің спиртін өндіріп, зауыттық өнім атын жамылып, Шығыс Қазақстан облысының базарларында және еліміздің басқа аймақтарында сатқан.
Қазір оның анасы мен үш ұлы, яғни сыбайластары шартты түрде сотталғандар есебіне алынды. Оларға жазасын өтеу тәртібі түсіндірілді, - деді Өскемен қаласы ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметінің Бауыржан Төлеуханов.
Ол міндеттерін орындаудан жалтару жазаны колонияда ұстау жазасына ауыстыруға әкелетінін ескертті.