ШҚО Өскемен қаласында осыдан бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды. Оқиғаға қатысты полицейлер тиісті жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД мәліметінше, қыздың денесі Өскемен қаласындағы Протозанов көшесі маңындағы Үлбі өзенінің жағасынан табылған.
13 желтоқсан күні Өскемен қаласы Протозанов көшесінде Үлбі өзенінің жағасынан хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің денесі табылды. Денесінде көзге көрінетін жарақат белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды. Тергеуалды тексеру жүргізілуде, — делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.
Еске салсақ, бойжеткен 12 қарашада таңғы сағат 08:00 шамасында "Металлург" саябағы маңындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып қайты оралмаған.