Өскемен тұрғындары сусыз қалды

20 Қаңтар, 23:35 897

Өскемендегі «Крылов» сорғы станциясында ақау пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Салдарынан қаланың орталық бөлігінің тұрғындары сусыз қалды.

Қалалық әкімдік шұғыл шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Апаттық бригада оқиға орнында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, сонан соң сорғы станциясының жұмысы қалыпқа келтіріледі, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Әлеуметтік желіде тұрғындар судың өшірілетіні алдын ала хабарланбағанын жазып жатыр. Ал су түскі уақыттан бері жоқ екен. Сондықтан қала билігі тұрғындарға су жеткізуді ұйымдастырды.  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: