Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті

Бүгiн, 19:03 134

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл лауазымды қызметті 2018 жылдың тамызынан бастап атқарды.

Құрметті өскемендіктер! Өкілеттік мерзімімнің аяқталуына байланысты қала әкімі қызметінен кететінімді хабарлаймын. Алты жылдан астам уақыт бойы сіз бен біз қаланың көркейіп, жайлы және әдемі болуы үшін бірге жұмыс істедік. Менің ойымша, көп нәрсеге қол жеткіздік, - деп жазды ол.

Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «География» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Мансап

2001-2005 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы.

2007-2009 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы.

2007-2009 – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, «Арнамедиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері.

2009-2010 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2010-2011 - Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2011-2013 - Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы.

2013-2016 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016-2018 - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың тамызынан бүгінге дейін Өскемен қаласының әкімі болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: