Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

3 Тамыз, 10:41 495

2 шілде күні сағат 23:15–те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 859 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.

Қуаты — 2-3 балл. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінген кезде құлаған ауыр жиһаздардан сақ болу керек. 

Балконға жүгірмеңіз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса ғимараттан шықпаңыз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз. Лифтті пайдаланбаңыз. Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желіcі жанынан аулақ болыңыз, себебі электр сымдарының үзілу қаупі бар, — делінген ақпаратта.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: