Өскемен қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қызметті енді Алмат Ақышов атқарады. Ол соңғы екі жылда Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарған.
Алматы Талғатұлы Ақышов 1990 жылы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Алматы Экономика және статистика академиясын, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, Өңірлік даму магистрі атанған.
Ол әр жылдары туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында, ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ақышовтың тәжірибесін ескере отырып, оған үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты.
Бұған дейін 2018 жылдан бері қала әкімі болған Жақсылық Омар өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметтен кеткен