10.02.2025
09:21
788
Өскемен мен Қарағандыда телефон алаяқтары ұсталды

Өскемен мен Қарағандыда телефон алаяқтары ұсталды

Киберполиция Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желісін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізуде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.