17.09.2025
02:27
423
«Оскар» жүлдесінің иесі қайтыс болды

«Оскар» жүлдесінің иесі қайтыс болды

Голливудтың танымал актері, кинорежиссер әрі продюсер Роберт Редфорд 89 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол Юта штатындағы таулы Сандэнс аймағындағы өз үйінде - туған-туыстарының жанында қайтыс болды. Бұл туралы Rogers & Cowan PMK агенттігінің директоры Синди Бергер мәлімдеді.

Редфорд 1960-жылдары жұлдызға айналып, үлкен танымалдыққа ие болды. Ал 1980 жылы ол «Қарапайым адамдар» (Ordinary People) фильмі үшін «Оскар» жүлдесін «Үздік режиссура» номинациясы бойынша жеңіп алды. Сол фильм сондай-ақ «Үздік фильм» аталымында да марапатталған еді.