16.03.2026
11:25
181

«Оскар–2026» жеңімпаздары анықталды

АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты – «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. 16 наурызға қараған түні өткен кешті белгілі америкалық тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.

Биылғы марапаттау рәсімінде «Шайқас артынан шайқас» пен «Күнәһарлар» фильмдері ерекше көзге түсіп, бірнеше негізгі аталым бойынша жеңіске жетті. Сонымен қатар режиссер Пол Томас Андерсон мансабында алғаш рет «Оскар» иегері атанып, бірден бірнеше номинацияны еншіледі. Ал Гильермо дель Тороның «Франкенштейн» фильмі визуалдық бағыттағы номинацияларда басым түсіп, техникалық санаттарда үздік деп танылды.

«Оскар–2026» жеңімпаздары:

  • Үздік фильм - «Шайқас артынан шайқас»
  • Үздік анимациялық фильм - «К-поп: жын аулаушы қыздар»
  • Үздік режиссер - Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»)
  • Үздік актер - Майкл Б. Джордан («Күнәһарлар»)
  • Үздік актриса - Джесси Бакли («Хамнет»)
  • Екінші пландағы үздік актриса - Эми Мэдиган («Қару-жарақ»)
  • Екінші пландағы үздік актер - Шон Пенн («Шайқас артынан шайқас»)
  • Үздік кастинг - «Шайқас артынан шайқас»
  • Үздік түпнұсқа сценарий - «Күнәһарлар» (Райан Куглер)
  • Үздік бейімделген сценарий - «Шайқас артынан шайқас» (Пол Томас Андерсон)
  • Үздік операторлық жұмыс - «Күнәһарлар»
  • Үздік визуалды эффектілер - «Аватар: От пен күл»
  • Үздік дыбыс - «Формула-1»
  • Үздік түпнұсқа саундтрек - «Күнәһарлар» (Людвиг Йоранссон)
  • Үздік ән - «Алтын» («К-поп: жын аулаушы қыздар»)
  • Үздік монтаж - «Шайқас артынан шайқас»
  • Үздік грим және шаш үлгісі - «Франкенштейн»
  • Үздік костюм - «Франкенштейн»
  • Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Франкенштейн»
  • Үздік шетел тіліндегі фильм - «Сезім құны» (Норвегия)
  • Үздік деректі фильм - «Белгісіз мырза Путинге қарсы» (Mr. Nobody Against Putin)
  • Үздік қысқаметражды ойын фильмі - «Әншілер» және «Екі адам сілекей алмастырады» (сирек жағдайда жүлде екі фильмге қатар берілді)
  • Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - «Жасымен інжу төккен қыз»
  • Үздік қысқаметражды деректі фильм - «Барлық бос бөлмелер».