ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

19 Наурыз 2023, 22:21 2251

ОСК сағат 22.10-дағы азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


 Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды.

Сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 57,02%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%

4. Алматы облысы бойынша – 60,03%

5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

EL.KZ
Бөлісу: