ОСК «Ауыл» партиясы өкілдерінің құжаттарын қарады

7 Ақпан 2023, 14:49 1228

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды

Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» саяси партиясы өкілдерінің құжаттарын қарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мынандай құжаттарды ұсынды:
Партиялық тізім: электронды және қағаз түрінде;
Саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
Квота бойынша мәліметтер;
Азаматтардың партия тізіміне енгізу бойынша өтініштері;
Партия мүшелерінің өмірбаяндық деректері;
Саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар.
Комиссия мүшелері ешқандай ескерту жоқ екенін айтты.
Саяси партия ұсынған тізім қаралып жатыр.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: