Қошанов: AMANAT партиясының мүшелері Қостанайға көмекке барады

4 Қыркүйек 2022, 01:01 1275

Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз.

Бұл туралы AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хаьбарлайды El.kz.

«Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отыр. Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Ертең партия мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады. Бұдан бөлек таңертеңнен бастап AMANAT партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады. Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз!», - деп жазды Мәжіліс төрағасы.


Бөлісу: