21.08.2025
04:19
433
Орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.

Полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адамның түсініксіз костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтаған.

Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.