Орынборда 2 мыңға жуық тұрғын үй су астында қалуы мүмкін

9 Сәуір, 19:02 674

Алдағы тәулікте Орынборда 2 мыңға жуық тұрғын үйді су басуы мүмкін. Орал және Самара өзендеріндегі су деңгейі 5-тен 40 см-ге дейін көтеріледі деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала билігінің мәліметінше, 10 қала округі мен муниципальді аудандар су астында қалуы мүмкін.

Құтқару қызметтері су басқан аймақтардан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам адам, оның ішінде 1,5 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Зардап шеккендерге 31 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды.

Бұған дейін Самара облысындағы Волга өзенінде дамба жарылған болатын. Салдарынан Тольятти қаласы мен Ставрополь, Сергиевск, Пестравск, Большечерниговский, Большеглушицкий, Кинель – Черкасск, Елховский, Волжский, Нефтегорский, Красноармейский, Красноярский және Борский секілді 12 аудан су астында қалды.

Естеріңізде болса, 5 сәуір күні Орынбор облысының Ор қаласында дамба екі жерінен жарылған еді. Билік шұғыл түрде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Көптеген үй мен ғимараттар су астында қалған.

Перизат Саденова
Бөлісу: