Өрттен қайтыс болған үш адамды анықтау мүмкін болмай жатыр - ТЖМ

10 Маусым 2023, 18:51 1041

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Семейдегі орман өртін сөндіріп жүріп бақилық болғандардың кім екені әлі анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Комитет төрағасы Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында 3 адамның қайтыс болғанын растап, алайда олардың нақты кімдер екенін анықтау мүмкін болмай отырғанын атады. 

Өрттен 3 адам қаза тапты деп жатыр, бірақ әзірге олардың кім екенін анықтау мүмкіндігі туып жатқан жоқ. Ішкі істер министрлігі мен полиция департаменті мамандары арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Өртелген техниканың қалдықтары табылып жатыр, дегенмен адам шығынына қатысты нақты жағдай беймәлім. Алдымен мән-жайды білейік, сосын толық мәлімет береміз деген ойдамын, - деді Нұрболат Дербісов сұхбатында. 

Дербісов Абай облысындағы аптап ыстық, қатты жел және орман ішіне кіру үшін басты кедергіге айналғанын атады. 

Қазір тікұшақ санын көбейіп, олар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мамандар және техника жеткілікті, тек жұмысты дұрыс бағытта ұйымдастыра білу керек, - деді комитеті төрағасы. 

Асқар Таудай
Бөлісу: