Орталық спорт клубының командасы қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогын алды

8 Желтоқсан 2022, 05:13 1441

Екі күнге жалғасқан тартысты дода елордада өтті

Астанада Қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстандық қоян-қолтық  ұрыс қауымдастығының қолдауымен өткен турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің кубогы үшін тартысты сайысқа бұл жолы елдегі күштік құрылымдардан 15 команда құрамында 160-тан аса спортшысы қатысып, бақ сынасқан.

Жарыс қорытындысы бойынша қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының командасы үздік деп танылса, екінші орын Ішкі істер министрлігінің өкілдеріне, ал үшінші орын Қорғаныс министрлігінің спортшыларына бұйырды.

Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қорғаныс министрінің атынан кубоктар алып, ал сайыс чемпиондары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Біліктілік нормативтеріне сәйкес жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: