Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Вера Кимді тіркеді

19 Қыркүйек 2023, 19:02 534

Орталық сайлау комиссиясы Вера Кимді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ОСК таратқан мәліметке сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен ведомство отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вера Александровна Кимге берілсін, - делінген қаулыда.

Депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатыны атап өтілді.

Вера Александровна Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

2003 – 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінде, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.

2012 жылы «Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.

2017-2021 жылдары «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.

2021 – 2023 (қаңтар) жылдар аралығында – «Amanat» партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты.

Перизат Саденова
Бөлісу: