«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті Қазақстанда өтеді

19 Мамыр 2023, 11:50 1052

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын барысында барысында еліміздің «Орталық Азия – Қытай» секретариатын құру туралы бастаманы қолдайтынын алға тартты.

Секретариаттың Қытай аумағында жұмыс істеуіне қарсы емеспіз. «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенімізді жеткізгім келеді, - деді Тоқаев.

Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: