Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы төрағалығы Қазақстанға өтті

24 Мамыр, 05:23 1385

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасы аясында теміржол көлігі бойынша жұмыс тобының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оған ОАӨЭЫ мүше елдері Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Ауғанстан, Пәкістан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысты.

Аймақтық ынтымақтастық бағдарламасы аймақтағы сауданы кеңейтуге, өңірлік көлік жобаларын жүзеге асыруға және экономикалық дәліздерді дамытуға бағытталған.

Кездесуде тараптар дәліздерді дамытудың одан әрі перспективалары, инфрақұрылымды кеңейту, теміржолдардың теңіз порттарымен және терминалдармен өзара әрекеттесуі, мемлекетаралық тораптардағы жүктерді өткізу тәртібі, цифрландыру және т.б. мәселелерді талқылады. Биыл ОАӨЭЫ төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтіп отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар. 

Перизат Саденова
Бөлісу: