Орталық Азия елдерінің азаматтары Германияда лаңкестік жасамақ болған жерде қолға түсті

7 Шілде 2023, 12:52 836

Германияның ішкі істер министрлігі лаңкестік әрекетті дайындап жатқан қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анықтау барысында олардың Орталық Азия елдерінің тумалары екендігін анықталған. Euronews арнасының жазуынша, Германия мен Нидерландыда Орталық Азия елдерінен келген тоғыз иммигрант терроризмге қатысы бар деген айыппен ұсталған.

Тергеушілер олардың Германияда шабуылға шығып, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының қызметіне ақша жинап жүргенін анықтады. Бұл мәліметтер бойынша күдіктілер Ауғанстанда және көршілес елдерде орналасқан исламшылармен байланыста болған көрінеді. 

Солтүстік Рейн-Вестфалияның ішкі істер министрі Герберт Роул 20 мен 46 жас аралығындағы Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары ұсталғанын мәлімдеді. Тергеушілер болса олар қазірдің өзінде кураторлардан шабуыл жасау туралы нұсқау алғанын атады. Ортаазиялықтар дайындықты бастап, бірақ нақты мәліметтер әлі пысықталмағынан тергеуде мойындаған. Прокуратура қолда бар деректер топ мүшелері деп болжанған адамдарды ұстауға жеткілікті деп санап отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: