Орталық Азия елдері мен Әзербайжан біріккен әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізеді

5 Сәуір, 03:02 625

Маңғыстау облысында әскерилер «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуына дайындықты талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды, - делінген мәліметте.

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.

Зарина Арман
Бөлісу: