Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

21 Шілде, 04:34 984
Жетісу облысының Панфилов ауданында жеке тұрғын үйдің шатырының және ағаш қалқаны отқа оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында газ баллондар жарылысының алды алынды. 163 шаршы метр алаңды қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлау керек.
Зарина Арман
Бөлісу: