09.07.2025
03:32
5054
Өрт сөндірушілер СҚО-да табиғи өрттің алдын алды

Өрт сөндірушілер СҚО-да табиғи өрттің алдын алды

Бүгін күндіз Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағындағы демалыс орындарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері, орман шаруашылығы қызметкерлері және ТЖМ тікұшағы жедел жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары таулы және күрделі жер бедерімен қиындай түсті.

Алайда құтқарушылар мен орман күзетінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт ерте сатысында сөндіріліп, оның әрі қарай таралуына жол берілмеген. 

ТЖМ тарапы төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласуды қаперге салып отыр.