Өрт сөндірушілер Семейде жарылыстың алдын алды

Кеше, 22:44 331

ТЖМ өрт сөндірушілері Семей қаласында жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешкі уақытта Семей қаласының жедел басқару орталығының пультіне Қ.Сәтбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.

Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына дереу жетіп, төрт пәтерлі үйдің бірінде кіреберіс топтың, терезелер мен есіктердің, сондай-ақ жиһаздар мен жеке заттардың жанғанын анықтады. Мамандар өрттің көрші пәтерлер мен басқа аумақтарға таралуына жол бермей, оны өршу сатысында сөндіре алды.

Өрт сөндірушілер тек өртті сөндіріп қана қоймай, жану аймағында болған газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупін болдырмады. Баллон жоғары температураның әсерінен жарылу қаупін төндірген болатын.

Өрт салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Бұл оқиға өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен батылдығының тағы бір дәлелі болды. Олар дер кезінде әрекет етіп, ықтимал жарылыстың және одан туындауы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: