10.12.2024
04:36
762
Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды

Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды

Бүгін Қостанайда Складская көшесіндегі сауда қатарында екі дүкен шатырының жануы орын алып, павильондардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты өрттің таралу қаупі төнді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақын тұрған сауда нүктелерін оқпандармен салқындата отырып, өрт сөндірушілер өртті жойып, кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.