30.11.2024
07:30
977
Өрт сөндірушілер Ақмола облысында астық кептіру-тазалау кешеніндегі апаттың алдын алды

Өрт сөндірушілер Ақмола облысында астық кептіру-тазалау кешеніндегі апаттың алдын алды

Ақмола облысының өрт сөндірушілері кептіру камерасындағы отты сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Щучье қаласының астық қабылдау пункттерінің бірінде астық кептіру-тазалау комплексінде оқыстан өрт шықты. Өрт кезінде қондырғыда 30 тонна күнбағыс тұқымы болған көрінеді. Шақыру орнына 2 дәреже бойынша келген құтқарушылар 30 тонна тұқымның өртенуін сөндіріп, әрі қарай оттың таралуының алдын алды. 

Сондай-ақ, оқиға орнына Ақмола облысы ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашов барып, өртті сөндіру жұмыстарын қадағалағаны белгілі болды. Аталған жағдайда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.