Түркістан қаласында ХХХ-ерлер мен Х - әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 340 спортшы қатысады, сондай-ақ чемпионаттарға Өзбекстан Республикасының ерлер мен әйелдер құрама командалары және Қырғыз Республикасынан келген спортшы бақ сынауда.
Бірінші жарыс күні чемпионат шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 және 4-қаббаттарына көтерілу бойынша өтті.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:
«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында командалық есепте орындар:
Ерлер арасында:
1 орын-Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы
Әйелдер арасында:
1 орын-Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын-Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын-Қостанай облысы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі орындар:
Ерлер арасында:
1 орын-14,14 секунд нәтижесімен Буторин Николай, ШҚО
2 орын-14,4 секунд нәтижесімен Қайсарбеков Жасұлан, СҚО
3 орын – 16,45 секунд нәтижесімен Мұхамедали Асхат, Ақмола облысы
Әйелдер арасында:
1 орын - 07,72 секунд нәтижесімен Подгородецкая Кристина, Астана қаласы
2 орын-08,73 секунд нәтижесімен Юсупова Майсара, Өзбекстан Республикасы
3 орын - 09,08 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
10 қазан күні «Түркістан арена» стадионында чемпионаттардың екінші кезеңі 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жалғасады.