«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 шілдеге арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көп аймақтарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен шығыста қатты жел (шквал) күтіледі.
Ал оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшеюі мүмкін.
Аптап ыстық күтілетін өңірлер:
Ақмола, Павлодар, Атырау, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және Қостанайдың оңтүстігі мен Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температура 35-39 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда мен Түркістан облыстарының батысы мен шөлді аудандарында 40-43 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында 38-40 градусқа дейін ыстық болады.
Өте қатты ыстық болатын жерлер:
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус,
Алматы облысының батысы, солтүстігі мен орталығы,
Жетісу облысының шығысында 42 градусқа дейінгі өте қатты ыстық күтіледі.
Өрт қаупі жоғары:
Батыс Қазақстан, Атырау, Абай, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында жоғары өрт қаупі бар.
Төтенше өрт қаупі:
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау және Абай облыстарының бірқатар бөліктерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.