Өрт қауіпсіздігі: Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма берді

Кеше, 11:11 301

Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шаралары туралы халықты хабардар ету үшін жеке тұрғын үйлерді аралауды және рейд жүргізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Премьер-министр қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Көп адамдар ақауы бар пеш жағады. Қарапайым қауіпсіздік техникаларын бұзып жатады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерге рейд жүргізуді жандандырып, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде профилактикалық материалдар тарату мәселелерін пысықтау тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі алдына жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: