Орманның ортасында таздың төбесіндей кесілген ойықтар бар – Ринат Зайытов

13 Маусым 2023, 10:40 10243

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір топ әріптестерімен бірге Семейдегі орман өртіне барып келді. Жағдайды көріп, мәселені Мәжілісте көтермек. Ол осы ретте тілшілердің проблемалардың бір парасын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алапат өрттің ортасында жүргендер – жанкешті жігіттер.  «Жұмыс қой» деп ортасына кіріп кетіп,аянып жатқан жоқ. Бірақ айлықтарын сұрасаң жылағың келеді. Ішінде 100 мың теңгеге жетпейтіндері бар. Қазір анау кетсін, мынау кетсін деп жатыр. Осындайдан арылу керек.  Үй салынып болған соң, былай салу керек деген дұрыс емес. Бұған дейін «Семей орманы» қайда қарады? Бірінші сұрақ осыдан басталуы тиіс, - дейді Ринат Зайытов.

Ол алдымен өрт қайдан шыққанын зертеу керек деп отыр. От қайдан өрбіп кетті? Орманның ортасында таздың төбесіндей кесілген ойық жерлер бар екен. Сол жерлерден от күш алып, әріқарай кете беретінін айтты.

Ойықтар қайдан пайда болды? Неге пайда болды? Ағаштарды кім кесті? Міне қойылатын сұрақтар?  Әлеуметтік желіде бұрынғы министрге қатысты сындар көп айтылып жатыр. Біразымен келісемін. Тек ғана жұмыстан босап қоймау керек. Жұмыстан босағанның өзі президенттің өте шұғыл керек шешімі болды.Құптаймыз. Өзінің баруы ұдайы бақылауда болады дегенді білдіреді, - дейді депутат.

Ол енді екі топ жұмыс істеу керек деп отыр. Біріншісі өрттің себебін, кінәлілерді анықтаса, екінші топ мұндай жағдай қайталанбауы үшін істелінетін жұмыстармен айналысуы тиіс дейді.

Бәрі биыл шешілуі қажет. Алып-қашпа әңгімелер болмауы керек. Келесі жылдың бюджет кіргеземіз дегендер сөздер жарамайды. Петропавл, Павлодар, ШҚО-дағы жағдай қалай? Оны ешкім нақты айтып жатқан жоқ. Біз тағы адам өлгенін күтеміз бе? 14 адам қаза тапты. Аз ба? Екінші топ осындай жағдайлардың алдын-алуға әрекет етуі керек, - дейді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған

Алмас Абылай
Бөлісу: