Орман өртімен күреске қажетті техниканың 60%-ы ескірген – министр

8 Желтоқсан 2023, 11:42 990

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман өрттеріне қарсы күрестің төмен тиімділігінің басты себептерінің бірі техникамен қамтамасыз ету жетіспеушілігі екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орман шаруашылығы басқармалары 68% техникамен қамтамасыз етілген. Техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады, - деді министр.

Экология және табиғи ресурстар министрі берген ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 810 орман өрті тіркелді. Орман өртінің аумағы 116,8 мың гектарды құрады.

Еліміздегі мемлекетік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілгені – 13,7 млн гектар. Ел аумағының ормандылығы 5% құрайды.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: