«Ордабасының» Конференция лигасына даярлығына 2,3 млрд теңге бөлінді

9 Тамыз 2023, 16:29 837

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының УЕФА Конференция лигасына даярлығына 2,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Команда бірінші раундта-ақ жарыс жолынан шығып қалды.

«Ордабасы» биылға 3,8 млрд теңгеге үш ірі келісім жасасқан: 1,2 млрд теңге республикалық жарыстарға, ал қалған 2,6 млрд теңге УЕФА турниріне дайындыққа бағытталған. Клуб қазірдің өзінде Конференция лигасындағы жұмысы үшін 2,3 млрд теңгесін алып үлгерген.

Дегенмен Шымкент клубына бұл қаражат көмектеспеді, себебі «Легиямен» кездесуде қарсыластарына жол берді.

Бір қызығы, «Ордабасының» халықаралық жарыстарды қабылдайтын стадионы да жоқ.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: