«Ордабасыға» енді 5,3 млрд теңге қаржы бөлінбейді, 16 футболшы командадан кетеді - Шымкент әкімі

Кеше, 15:55 176

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубының алдағы жылғы бюджеті туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен жалпы қалаға басшы болып келген  уақытта біршама қарызы болған. Сол кезде команда ойынын жалғастыра ма, айлықтарын ала ма деген мәселелер бар еді. Солардың бәрін қолға алып, қарызды жабуға тура келді. «Ордабасының» бұрынғы басшылығы тұсында жасалған келісімшарттар болды. Клубтың премьер-лигада өнер көрсететін шығындары бар. Нақтырақ айтқанда «Ордабасы» ойыншыларына басқа клубтармен салыстырғанда жоғары айлық қойылған. Әрбір келісімшарт УЕФА-ға тіркеледі. Оны біржақты бұзуға болмайды. Соның бәрін реттедік. Бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлдік. Кәсіпкерлер 1 миллиард теңге берді. Енді 16 футболшымен қоштасамыз. Келісімшарттары аяқталды. Келесі жылы басқа өңірлердегідей 1,2 миллиард теңге ғана қаржы береміз, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, биыл «Ордабасы» маусым қорытындысы бойынша премьер-лигада төртінші орын алды.

Алмас Абылай
Бөлісу: