19.08.2024
07:40
1128
«Ордабасы» клубы бас бапкерімен қоштасты

«Ордабасы» клубы бас бапкерімен қоштасты

«Ордабасы» клубы ресми түрде бас бапкер Александр Седневпен қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

129 матч. 63 жеңіс, 28 тең ойын, 38 жеңіліс. 2022 жылы - Қазақстан кубогы, 2023 жылы - Қазақстан Чемпионаты. Барлығы үшін рахмет, Александр Сергеевич! – делінген клубтың ресми парақшасында.

Айта кетейік, Александр Седнев өзінің кететінін «Ордабасы» еурокубоктардан шығып қалған соң жариялады. Жаңа маусымды Шымкент командасы Чемпиондар лигасынан бастаған, алайда нәтижесінде тіпті Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жете алмады. Қазіргі таңда «Ордабасы» ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында келеді.